USD
USD
USD

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келген тағы 16 байқаушыны тіркеді.

.
Фото: election.gov.kz

Астана, NEGE. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, халықаралық байқаушыларды тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тіркеу 17 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 1 шілдеден бері төрт шет мемлекет пен үш халықаралық ұйымнан 60 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

17 шілдеде Сыртқы істер министрлігі тағы 16 байқаушының кандидатурасын ұсынған. Олардың қатарында:

  • ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бір өкілі;
  • ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының алты өкілі;
  • ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының бір байқаушысы;
  • Грузиядан екі өкіл;
  • Ираннан екі өкіл;
  • Швециядан екі өкіл;
  • Қырғызстаннан екі байқаушы бар.

Грузия делегациясының құрамына елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, ал Иран мен Швеция делегацияларына осы мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері кірген. ОСК мүшелері ұсынылған кандидатураларды қарап, оларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Осылайша, Құрылтай сайлауына аккредиттелген халықаралық байқаушылар саны 76-ға жетті. ОСК мәліметінше, жаңа өтінімдер түскен сайын байқаушылар туралы ақпарат жаңартылып отырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Инфляция

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев