Украина журналистері Зеленскийден көмек сұрады
Украинаның «1+1» телеарнасының ұжымы президент Владимир Зеленский мен Жоғарғы Рада спикері Дмитрий Разумковқа бұқаралық ақпарат құралдарын қудалауға жол бермеу туралы өтініш жасады.
Алматы, NEGE. Кеше, 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік қызметі «1+1 телеарнасының кеңсесіне және бірқатар журналистердің үйіне тінту жүргізген. «Украинаның премьер-министрі Алексей Гончаруктің телефон байланысын заңсыз тыңдады» деген күдік осыған ілік болған-ды.
«Біз сізден осы жағдайды назардан тыс қалдырмауыңызды, сөз бостандығына төнген қатердің алдын алуыңызды және тәуелсіз БАҚ-ты қудалау әрекеттеріне тосқауыл қоюыңызды сұраймыз», дейді президентке жүгінген журналистер.
Сондай-ақ, телеарна ұжымы тінту кезінде құзырлы орган қызметкерлері өрескел заңбұзушылықтарға жол берді деп санайды. Оларға тиісті құқықтық баға беріледі деп сенеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше осы оқиғаны Украинаның Ұлттық журналистер одағының төрағасы Сергей Томиленко да айыптап, мұны сасяи қысым әрі бүкіл журналистерге бағытталған «Дабыл белгісі» ретінде қабылдайтынын айтқан.