USD
USD
USD

Оралда жылы аялдаманың әйнегін сындырған ер адам ұсталды

Орал қаласында жылы аялдаманың әйнегін сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Орал қаласында салынып жатқан жылы аялдамалардың бірінің әйнегін сындырған 43 жастағы азамат ұсталды. Түн ішінде болған бұл оқиға бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды.

Жаңадан салынып жатқан нысанға келтірілген материалдық шығын көлемі 150 мың теңге болды. 

Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кінәлі тұлғаға 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, түзету жұмыстарына тарту немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу, тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC