USD
USD
USD

Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды

Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмеген. Әкімдіктер бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей келеді. Өңірлік хабтарға қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсету өте маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрлық даму министрлігіне өңірлер әкімдіктерімен бірлесе, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT-салада экспортқа бағдарланған бағыттардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда сөмкедегі пауэрбанк жарылып, блогер қызды күйік шалды

Пауэрбанктен шыққан өрт

Қайрат Сатыбалдының қонақүйі екі жыл өтсе де әлі мемлекет меншігіне берілмеген

DoubleTree by Hilton

Билет қымбат, Wi-Fi әлсіз: ҚТЖ жолаушыларға не уәде берді?

Жолаушылар пойызы

Алматылық дәрігерлер 9-қабаттан құлап, ауыр жарақаттанған қызды аман алып қалды

аурухана