Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мереке Көшекбаев Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мереке Көшекбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін аталмыш қызметті атқарған Асан Жүсіпов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Қазақстан армиясында генерал-майор Мереке Күчекбаев әскери училищенің курсанттарынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейін өтті.

Осы жылдар ішінде жауынгерлік дайындықта жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Аэро-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы болды.

1997 жылы Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін, 2007 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

2-дәрежелі «Даңқ», «Айбын» ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық