Сағынтаевтың орнына Атамқұлов келе ме?

14 қаңтар, 13:26
Сағынтаевтың орнына Атамқұлов келе ме?
Фото: ғаламтордан

WhatsApp әлеуметтік желісінде Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы хабарлама тарап жатыр.

Алматы, NEGE. Желідегі хабарламаға сенсек, Сағынтаевтың орнына Бейбіт Атамқұлов тағайындалады деген сыбыс шыққан.

Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желіде тараған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз жұмысын атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде», – делінген хабарламада.