USD
USD
USD

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

Мәжіліс мінберінде депутат Екатерина Смышляева мәслихат депутаттарына қатысты жаңа тәртіптік нормаларды түсіндіріп, әдеп шеңберінен шыққан жағдайда қолданылатын шараларды нақтылады. Оның айтуынша, тәртіп бұзған депутат отырыс барысында сөз алу құқығынан уақытша шектеледі, алайда дауыс беру құқығы сақталады.

.
Фото: Арыс қаласының мәслихаты

Астана, NEGE. Мәжіліс «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда құптады. Құжатты таныстырған депутат Екатерина Смышляева кулуарда журналистерге түсініктеме беріп, мәслихат депутаттарының әдеп өлшемдері заңмен де, ішкі регламентпен де нақты бекітілгенін айтты.

Оның сөзінше, өкілеттік шеңберінде өзін ұстай алмаған немесе мінез-құлық талаптарын елемеген депутаттарға қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қарастырылған. Мұндай жағдайда алдымен сөз сөйлеу мүмкіндігі шектеледі. Яғни, депутат белгілі бір отырыс барысында пікір білдіру құқығынан уақытша айырылуы мүмкін.

«Әңгіме бір отырыс аясында сөз сөйлеу құқығын шектеу туралы болып отыр. Бұл депутаттық әдеп нормаларын бұзуға байланысты қаралатын мәселе. Депутаттық этика нақты регламентпен бекітілген, мінез-құлыққа қойылатын талаптар анық жазылған. Мұндай тәртіптік шаралар өзге салаларда да қолданылады», – деді депутат.

Сонымен қатар ол дауыс беру құқығы ешбір жағдайда шектелмейтінін нақтылады. Себебі бұл құқық депутатқа сайлау арқылы берілген мандаттың өзегі болып саналады. Оны тоқтату немесе алып қою заң тұрғысынан мүмкін емес.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

мәслихат

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

ақша

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Қасым-Жомарт Тоқаев

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

.