USD
USD
USD

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Қазақстан мен Еуропалық одақ қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді осы жылдың екінші жартысында аяқтауды жоспарлап отыр.

шенген
Фото: travelandleisureasia.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжіліс кулуарында сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, тараптар визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

«Бұл екі құжат бірге жүреді. Еуропалық тарап оларға бір уақытта қол қоюды жоспарлап отыр. Біз де оларды бір уақытта ратификацияға ұсынуымыз керек», – деді вице-министр.

Бұл келісімдер бойынша келіссөздер осы жылдың екінші жартысында аяқталуы мүмкін.

«Мерзімдерге келсек, біз 2026 жылдың екінші жартысында келіссөздердің толық процесін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін екінші кезең басталады. Қол қойылған соң, жоғарыда айтқанымдай, ратификация рәсімі жүреді. Егер біздің тарапта бұл тек парламенттегі бір кезеңнен тұрса, Еуропалық одақ жағынан Еуропарламент және ЕО-ға мүше барлық мемлекеттер өз қорытындысын міндетті түрде ұсынуы тиіс», – деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич визаны рәсімдеу процесі біраз уақыт алатынын айтқан еді. Ол қазақстандықтар үшін Еуропаға бару, дәл солай еуропалықтар үшін Қазақстанға келу барынша жеңіл болуы тиіс екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов