USD
USD
USD

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Желіде есту және сөйлеу қабілеті шектелген көлік жүргізушісімен ым-ишара тілінде сөйлесіп тұрған полиция қызметкерінің видеосы тарады. Мүгедектігі бар жанға мән-жайды ыммен түсіндіріп берген маңғыстаулық полицей көпті сүйсінтті.

полицей
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/otpannews.kz

Астана, NEGE. Видеода таспаланған оқиға 4 сәуір күні Ақтаудан республикалық тас жолға шығар тұста болған, деп жазады otpannews.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері жолда көліктердің бірін тоқтатқанда, жүргізушіге мән-жайды түсіндіруде қиындық туындаған. Осы кезде полиция старшинасы Құрбанияз Демеков жағдайды пайымдап, жүргізушімен ишара тілінде, яғни қол саусақтары арқылы әріптерді көрсету әдісімен тілдесіп, қажетті ақпаратты жеткізген.

Өзін Ержан деп таныстырған жүргізушінің есту және сөйлеу қабілеті шектеулі екені анықталды. Полицей оған жолда абай болуын, жылдамдықты асырмауын және шаршаған жағдайда міндетті түрде тоқтап демалу қажет екенін түсіндірген. 

31 жастағы полиция старшинасы дактиль әліпбиін туған ағасынан үйренген екен және бұған дейін де бірнеше жүргізушімен ым-ишара тілінде сөйлесіп, көмек көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Тазы

Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Пашинян, Тоқаев

Аптап ыстықтан Шымкент маңындағы тас жолға зақым келді

тас жол

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян