USD
USD
USD

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Мәслихаттардың жұмысы енді тікелей эфирде көрсетілуі керек. 

мәслихат
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бүгін Мәжілісте мақұлданған «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, мәслихат отырыстары тікелей эфирде көрсетіледі. Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, онлайн трансляцияны қосу барлық өңірлер үшін міндетті болады.

«Бұл қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына талқылау барысын тікелей эфирде бақылауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Сондай-ақ құжат аясында мәслихаттардың барлық шешімдерін, құжаттары мен талқылау материалдарын ашық жариялау ұсынылып отыр. Бұл тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтіп, жергілікті билік жұмысының ашық болуына ықпал етпек.

Бұдан бөлек, депутаттардың өкілеттігі де кеңейеді. Енді олар жергілікті бюджетті қалыптастыру процесіне бастапқы кезеңнен бастап қатыса алады. Бұрын мәслихаттар тек дайын жобаны қарап, бекітумен шектелсе, жаңа тәртіп бойынша қаржының қалай бөлінетінін ертерек бақылауға мүмкіндік туады.

Ал сайлаушылармен байланысқа келсек, депутаттарға жарты жылда кемінде бір рет есеп беру талабы енгізіледі. Бұл тұрғындардың өз өкілдерінен нақты ақпарат алуына жағдай жасайды.

Қазір оқып жатыр

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин

«Таныс болыңыздар – Барбарис»: Бағдат Мусин Арсен Томскийге ерекше сый жасады

Арсен Томский

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

авиаотын өндірісі