USD
USD
USD

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Коллекторлық агенттіктер жылдар бойы өздерінің нақты табысын қарыздарды қайтаруға байланысты техникалық операциялар ретінде көрсетіп, ҚҚС төлеуден жалтарып келген.

ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитеті жеті коллекторлық компанияда салық мөлшерін жүйелі түрде төмендетіп келгенін анықтады. Қазір бұл жеті компания бойынша тексеру қорытындысы бар, тағы 15 компанияға қатысты ауқымды аудит басталды.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, коллекторлар банктерден қарыздарды төмен бағамен сатып алып, кейін қазақстандықтардан толық сомасын өндіріп отырған. 

«Борышкерлерден түскен қаражат кейбір жағдайларда қарызды қайтару ретінде көрсетіліп, ҚҚС-тан босатылған операциялар ретінде есепке алынған. Алайда мұндай операциялардың нақты экономикалық сипаты өзгеше», – дейді ведомство өкілдері.

Олардың түсіндіруінше, сатып алынған қарыздың құны мен нақты өндіріп алынған сома арасындағы айырма өндіріп алу қызметінен түскен табыс болып саналады. Дәл осы табыс салық салынатын айналымға енгізілмеген.

Қазіргі уақытта 11,8 млрд теңге көлемінде жасырылған табыс анықталды. ҚҚС бойынша нақты төленбеген сома 128 млн теңге болған. Алайда ҚҚС бойынша есепке қою талаптарын бұзғаны үшін компанияларға 1,6 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды  Бұл – салықтың өз мөлшерінен 12 есе көп.

Келесі 15 компания бойынша жасырылған табыс көлемі 61,6 млрд теңгеге бағаланып отыр. Мұнда тек ҚҚС бойынша бюджеттің ықтимал шығыны 7,4 млрд теңге болған.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл әрекеттерді ресми түрде «салықтан жүйелі түрде жалтару» деп бағалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

мәслихат

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.