USD
USD
USD

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мән-маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент қазіргі аумалы-төкпелі кезеңнің зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына ауыр тиіп жатқанын атап өтті. Соның салдарынан даму жолындағы күш-жігер мен күрмеуі қиын экологиялық проблемаларды шешуге тиіс ресурстар зая кетіп жатыр.

Бұл ретте Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Сексен жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз. Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді.

 

Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес. Керісінше, БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайына қарай қолданудан аулақ болуға шақырды.

«Оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуға тиіс. Сол себепті БҰҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар ауқымы мен сипаты жағынан бұрын-соңды болмаған әрі болжауы қиын өзгерістер дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің ақиқатын қаперге алғаны жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса Президент маңызды халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты институттардың абырой-беделі жеткіліксіз болып отырғанын сынап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

мәслихат

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

ақша

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.