14 Маусым 10:18

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Үкіметтің мәселесі шешіле ме?

Фото:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге қол қойды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. ҚР Конституциясының 58-бабының 4-бөлімі 2) бөлімшесіне сәйкес 2021 жылдың 21 маусымында сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өткізілсін», – делінген өкім мәтінінде.

Бірлескен отырыстың күн тәртібінде қаралатын басты мәселе қандай болатыны әзірге нақты емес. Бізге жеткен дерекке қарағанда, депутаттар осы жиында А.Мамин басқаратын үкіметтің мәселесін шешіп, одан әрі демалысқа кетуі мүмкін...

Тегтер: