USD
USD
USD

Пластикалық қалдық өндірісі: Тосқауыл бар ма?

Біз экологиялық мәселелерді жиі талқылаймыз. Алайда, табиғат ананың бізге берген тартуын қадірлеу өз қолымызда екенін түсінбейміз.

Пластикалық қалдық өндірісі: Тосқауыл бар ма?
Фото: NEGE.kz

«Менің тұтынған заттарымнан қаншама қалдық шығып жатыр?», – деп өзіңізден бір сәт болса да сұрап көрдіңіз бе? Айналаңызды қаншалықты таза ұстайсыз?

Қазіргі уақытта біз көріп отырған ең үлкен қауіп – пластикалық қалдықтар. Оның 500 жыл өтпей ыдырамайтынын есепке алсақ, пластика өндірісінің экологияға тигізіп жатқан зиянын пайымдауға болады. Сонымен қоса, тұтыныстағы өнімдерді алмастырып отырғаны тағы бар.

Пластикалық қалдық өндірісі дәл осы қарқынмен өсетін болса, болашақты болжау қиын емес. Егер ештеңе істемей, дәл осы қалпымызда бақыласақ, 2025 жылы 100-250 миллионға дейін жетеді.

Ал 2050 жылға қарай адамзат жылына 33 миллиард тонна пластмасса өнімін өндіретін болады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 110 есе көп.

Қазақстанда жылына 5 миллион тоннадан астам қатты қалдықтар шығарылады, оның кем дегенде 11-15% -ы – пластмасса. Бұл дегеніміз, республикамыздың әрбір тұрғыны (тіпті сәбилерді есептегенде) жылына шамамен 42 кг пластмасса қалдығын шығарады деген сөз.

Бұл сандардың барлығы ресми ақпарат көздерінен алынған. Көңіл көншітерлік жаңалық емес. Дегенмен, ақиқаты осы.

Пластика қалдықтарынан адамда жүйке аурулары, қатерлі ісік, генетикалық мутация пайда болатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Мұндай мутацияға адамдар ғана емес, табиғат ананың тартуы – табиғатымыз да ұшырайды.

Қазақстанда дәл осы мәселені «Jasyl Arystan» ЖҚ қолға алған. Олардың қызметінің негізгі бағыттарының бірі – пластмасса бұйымдарын тұтынуды азайту және осындай қалдықтарды дұрыс өңдеу.

«Jasyl Arystan» ЖҚ «Пластиктен таза Қазақстан» жобасының аясында, ғылыми көзқарас пен әлемдік тәжірибені қолдананып келеді. Әрине, бұл жұмыс бір жылда, не болмаса алдағы он жылдықта біте қоятын шаруа емес. Дегенмен, алғашқы қадамды дәл бүгінннен бастағанымыз абзал. Тәрбиелік танытып, өзімізден қамшылағанымыз жөн.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.