USD
USD
USD

Түркістан облысында дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысы қайтыс болды

Қайғылы оқиға Шардара ауданындағы Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беру мектебінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы дене шынықтыру сабағында құлап, жарақат алған, деп хабарлайды Kazinform.

Дене шынықтыру
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мұғалім мен мектеп фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы Шардара аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда, дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды. Оқиға облыстық білім басқармасының бақылауында», - деп хабарлады ведомство.

Мұғалім әлі жұмыс істеп жатыр, мектеп қазіргі уақытта күзгі демалыста. Алайда, Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаеваның айтуынша, прокуратура тергеу жүргізілгенше мұғалімді уақытша жұмыстан шеттету туралы ұсыныс берді.

«Бұл мәселе келесі аптада қаралады және мұғалім сабақ басталғанға дейін өз міндетінен уақытша шеттетіледі», - деп түсіндірді Жанат Мұсатаева.

11 жастағы оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті шараларды қолға алып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік