6 Мамыр 12:59

Мұнай-газ, қаржы және құрылыс салалары жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің назарынан тыс қалып отыр

Фото:

2021 жылы Қазақстан Transparency International рейтингінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) бойынша 102-орынға ие болды, деп хабарлайды ranking.kz.

Алматы, NEGE.  Transparency International – сыбайлас жемқорлықты зерттеу және оған қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым.

Рейтингте 0-ден 100-ге дейін балл беріледі. 0 – сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін, ал 100 – оның болмауын көрсетеді. Қазақстан тек 37 балл жинаған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 балға төмен. 

Тізімде үздік үштікке Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия енді. Олар 88 балл жинады. Үздік ондыққа Норвегия, Сингапур и Швеция (әр мемлекет 85 балдан жинаған), Швейцария (84 балл), Нидерланды (82 балл), Люксембург (81 балл), Германия (80 балл) кірді.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Армения (58-орын, 49 балл) және Беларусьтің (82-орын, 41 балл) рейтингісі жоғары. Қалған елдер рейтинге елімізден төмен тұр: Украина (122-орын, 32 балл), Ресей (136-орын, 29 балл), Өзбекстан (140-орын, 28 балл), Қырғызстан (144-орын, 27 балл). Рейтингтің ең соңында – 180-орында 11 балл жинаған Оңтүстік Судан тұр.

Transparency International дерегінше, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың 17% соңғы 12 айда пара берген. Беларусьте бұл көрсеткіш – 15%, ал Украина мен Ресейде – 23% және 27%.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыс саны бір жылда төрттен бірге артқан. 2021 жылдың соңында қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенім деңгейі сәл болса да өскен: "Бұл қызметке сенуге болады" деп жауап бергендердің үлесі бір жылда 24,5%-дан 25,1%-ға дейін көтерілді, ал бұл пікірмен келіспейтіндердің үлесі бұрынғы деңгейінде қалды – 1,8%.

Ауылдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім деңгейі қалалармен салыстырғанда жоғары – 28,2% және 23%. 

Transparency International тікелей Президентке есеп беретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі назарын ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау секторына аударғанын айтады, алайда мұнай-газ, қаржы және құрылыс сынды ірі салалар назардан тыс қалып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімнің негізгі себебі ретінде респонденттердің 37,6% БАҚ-тағы ақпаратты келтірген, кейін көмек көрсетуге деген сенімділік (32,5%) және қызметкерлердің кәсібилігі (17,7%) сынды факторлар тұр.

Қазақстандықтардың 27,4% былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істеді деп санайды, респонденттердің 27,4% – орташа, 4,3% – төмен деп баға берген, бірақ әрбір төртінші респондент жауап беруге қиналған.

Тегтер: