15 Қыркүйек 17:38

SAEBIZ бен SEX. Өз «сәбізімізді» өзіміз түзейміз!

Фото:

Бұдан 3-4 жыл бұрын Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыға түскен. Әсіресе, сәбіздің латын қарпімен жазылуы талай әңгімеге ілік болды.

Естеріңізде болса, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі осы атышулы «сәбізге» байланысты былай деген: «Мендегі бар мәлімет бойынша, шамамен 2022 жылы бірінші сыныптан латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастайды. Мұнда мәселе түзеуде. Маған кеше интернетте «сәбіз» сөзінің латынша saebiz екенін айтты, мәселен немісте «мектеп» Schule ғой.  Қазақ тілінде «ю», «я», «ь» әріптері жоқ. Осы әріптерді қолданып, қазақ тілін бұзып жатырмыз, сондықтан негізін түзейміз. Бұл өте маңызды шара. Мұнда атүсті қарауға болмайды, сондықтан саралай келе өту керек».

Осыдан кейін «saebiz» сәнге айналды. Тіпті осы аттас дәмханалар ашылып, жастар осындай жазуы бар киім киіп жүрді. Ресейлік «Новая газетаның» тілшісі Вячеслав Половинко бұл туралы арнайы хабар түсіріп, талқыланып жатқан нұсқаны мазаққа айналдырғысы келгені де есте.

Мейлі, кім не десе о десін, бізге латын қарпіне көшу керек! Ал «көш жүре түзеледі» деген рас. «Сәбізімізді» де, басқаны да өзіміз түзеп аламыз. Түзеп те жатырмыз, мәселен қазіргі сәбізіміз басқа сәбіз – SÄBIZ!

Кеше Өзбекстанда ЦЕХ дейтін сөйзің жазылуына қатысты дау шықты. Тура біздің saebiz секілді. Mahalla телеарнасы әлдебір цех ұстасынан сұхбат алып, аты жөнінің тұсына «Sex Ustasi» деп жазыпты. Осыдан кейін өзбек қауымы алвавитті қайта қарауды мәселе етіп көтеріп жатыр.

Өзбектің танымал блогері Шахноза Соатова «мәселе сөздің жазылуында емес, адамдардың ойлау деңгейінде» екенін айтыпты. Жөн сөз.

Ал бізде цех сөзінің жазылуына қатысты мәселе туындамаса керек. Ұсынылған соңғы нұсқа бойынша біз цех сөзін sex деп емес, seh деп жазамыз. Сондықтан, Шахноза айтпақшы, мәселе сөздің жазылуында емес, ресейлік половинколардың ойлау деңгейінде болса керек.

Біз өз «сәбізімізді» өзіміз түзейміз! Түзеп те жатырмыз!

Тегтер: