USD
USD
USD

Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын алды

Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады.

еркін күрес
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде қазақстандық 3 спортшы жүлде алды.

Тұғыр сатысына көтерілгендер:

1.Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын

2.Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын

3.Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын

Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев