USD
USD
USD

Әкімдік Алматыда қандаланың көбею себебін түсіндірді

Қалада жөке қандаласының (халық арасында — «сасық қандала») жаппай таралуына қарсы жасыл желектерге жүйелі биологиялық өңдеу жүргізілуде.

Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жұмыстар күн сайын таңертең және түнгі уақытта жүргізіледі. Адам мен жануарлар үшін қауіпсіз биологиялық құралдар қолданылады. Әсіресе аула аумақтарында өңдеу белсенді жүргізілуде.

Қандалалардың көбеюінің басты себебі — ауа райының қолайлы жағдайы: салқын көктем мен кенет ысыған ауа температурасы (+35 °C дейін) олардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырды.

 Биологиялық өңдеу кезеңдері:

1-кезең — сәуірде аяқталды

2-кезең — 1–30 маусым аралығында өтуде

3-кезең — 5 шілде — 5 тамыз

4-кезең — 15 тамыз — 20 қыркүйек

Жыл басынан бері 2,3 миллион ағаш өңделіп, тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш қабылданды. Қазір шағымдар саны азаюда.

Жөке қандалалары:

— шақпайды

— жұқпалы ауру таратпайды

— аллергия туғызбайды

— карағаш тұқымымен қоректенеді

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам