USD
USD
USD

Израиль «Евровидение» байқауынан шеттетілуі мүмкін

Келесі аптада Еуропалық хабар тарату одағы Израильді «Евровидение» музыкалық байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды.

Еуровидение
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еуропаның бірнеше елі Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Израильді 2025 жылғы «Евровидение» байқауына қатыстырмауды талап еткен.

Бұл елдердің қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.

Мамыр айында, Базельде өтетін байқау қарсаңында, Ирландияның телерадиокорпорациясы Еуропалық хабар тарату одағынан Израильдің қатысу мәселесі ұйым мүшелері арасында кеңінен талқыланатыны жөнінде уәде алған.

Бүгін исландиялық БАҚ екі ай бұрын өткен RÚV (Исландия телерадиокорпорациясы) кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, Израильдің «Евровидениеге» қатысу мәселесі 3 шілдеде Лондонда өтетін Еуропалық хабар тарату одағының Бас ассамблеясында қаралады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты