4 Мамыр 15:04

Ертісбаев: Ермек Тұрсыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Фото:

Ермұхамет Ертісбаев Ермек Тұрсыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін айтты.

Алматы, NEGE. Ол Youtube каналы арқылы жарты сағат бойы режиссер Ермек Тұрсыновқа шүйлікті. Оның пікірінше, Тұрсыновтың шығармашылығына мемлекет халықтың қазынасынан 10 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған. Десе де, ол мемлекетке, халыққа бір ауыз рахметін айтуға арланып келеді.

«Оның қоғамдық-саяси белсендігі жай ғана бетперде. Оны бір жерінен мықтап ұстайтын болса, дереу саяси баспана сұрамақ. «Менің пікірім үшін отырғызбақ» деп байбалам салады. Оны ұстауы да мүмкін. Не үшін? Оның алаяқ екенін көріп отырсыздар ғой. Мемлекет басшысын алдауға ұмтылғаны үшін. Үстінен қылмыстық іс қозғауы да мүмкін. Елбасының ар-намысын қорлағаны үшін қолданатын бапты ешкім алып тастаған жоқ. Оның фильмдерін көріп, ақша қайда жұмсалғанына таңқаласың!» – дейді Ертісбаев.  

Тегтер: