USD
USD
USD

Астанада келушілері жаппай уланған дәмхана жабылды

Астанадағы "Көктем" дәмханасы тамақтан жаппай улану оқиғасынан соң уақытша жабылды. Мұны мекеменің иесі Данияр Байтоқов әлеуметтік желіде мәлімдеді.

ас
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Данияр Байтоқовтың айтуынша, мекеменің жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық күндер жариялау туралы шешім қабылданды.

“Бұл – қажетті тексерістерді мұқият өткізіп, әрбір процесс пен ингредиенттің толық тәртіпте екеніне көз жеткізу үшін жасалған қадам. Бастапқы күннен бастап, қазір және алдағы уақытта біз санитарлық органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Барлық қажетті талдаулар тапсырылды, СЭС және тәуелсіз сараптама шақырылды”, – деді ол. 

Сондай-ақ ол өзін жайсыз сезінген әрбір қонақпен жеке жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

“Тапсырыстың құнын және емдеу шығындарын өтейміз. Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз — бізге тікелей хабарласыңыз, біз байланыстамыз! Неліктен бұл шешімді дәл қазір қабылдадық деген сұраққа алдын ала жауап бергіміз келеді. Біз зертханалық талдау мен тексеру нәтижелерін әлдеқайда ертерек аламыз деп үміттендік. Бірақ олар дүйсенбіге дейін дайын болмайтыны анықталды”, – деді Байтоқов.

Айта кетейік, бұған дейін  Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бір топ адам бір жерден тамақтанғаннан кейін уланып қалғанын айтқан.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат