USD
USD
USD

Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған көшпелі концерт өтті

2025 жылдың 13 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Халық қаһарманы, күйші әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көшпелі концерт ұйымдастырды.

Концерт Алматы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға оркестрдің толық құрамымен қатар, Тахауи Рахметов пен Бибігүл Қылымхан секілді танымал өнерпаздар қатысты. Мәдени іс-шараның мақсаты – Алматы тұрғындары мен қонақтарының ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы – халықтың рухани мұрасы, бай қазынасы. Композитордың 100 жылдығына арналған іс-шара биыл 24 қаңтарда Ұлттық оркестр ұйымдастырған ауқымды концертпен басталған болатын. Қазіргі уақытта композитордың мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдардың қолдауымен әлемдік деңгейде аталып өтуде.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ – Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған болатын. Жыл бойы мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық