28 Қараша 17:01
...
Данияр Алшынов түрік фильміне түсіп жатыр

Отандық
актер Данияр Алшынов инстаграм желісіндегі парақшасында түрік фильміне түсуге шақырту алғанын жазды.
Алматы, NEGE. Актер түсірілім алаңынан суреттер бөліскенімен, фильмге қатысты өзге ақпаратты құпия қалдырған.
«Әйелім түрік фильмдерін өте қатты жақсы көреді. Сол себепті менің алдымда таңдау тұрды. Әйелімнің түрік фильмін көруіне тыйым салуым керек немесе өзім түрік киносына түсуім керек болды. Әрине, екінші нұсқа менің жаныма жақын. Шетелдік фильмге түсу жайлы ұсыныс күнде түспейді. Сондықтай әйелімді Нью-Йорк қаласында қалдырып, өзім түсірілімге келдім», - деп жазды актер.