USD
USD
USD

Шымкентте жылан көбейіп кетті

Шымкентте жыл басынан бері жыланның кіруіне байланысты құтқарушыларға 25 рет шақырту түскен, деп хабарлады Otyrar.kz.

ш
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. "Егер жылан табылса, адамдарды үй-жайдан шығарып, құлыптап, құтқарушыларды шақыру керек. Біз жыланды ұстап алып, оны елді мекендерден аластатамыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД азаматтық құтқару бөлімшесінің басшысы Рахымжан Бекенбаев.

Көбінесе шымкенттіктер жыланның улы емес түрлерімен кездеседі. Жалпы бұл аймақта жылан көп. Биыл жыланнан бір бала зардап шегіп, ауруханаға түскен. Жылан шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек. Өйткені адам өміріне қауіп төнеді.

"Біздің орталықта жылан шаққанға арналған вакцина бар, біз шұғыл түрде екпе жасаймыз. Егер уақтылы көмекке жүгінбесеңіз, өлімге әкелетін жағдай болуы мүмкін", - дейді гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Сарапшылар жылан адамға сирек шабуыл жасайды дейді. Адам оларға өзі тиіспесе қауіп төндірмейді. Сондықтан жыланды көріп қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықта абайлап әрекет етіңіз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза