USD
USD
USD

Астанадан Түркияға жаңа әуе рейстері іске қосылады

Қазақстандық Flyarystan лоукостері 2025 жылдың 28 мамырынан бастап алғаш рет Астанадан Түркияның Анталья провинциясындағы Газипашаға тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Ә
Фото: istockphoto.com

Алматы, NEGE. Қазақстан астанасынан Газипашаға рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері 28 мамыр мен 29 тамыз аралығында ұшады.

FlyArystan туроператорлармен серіктестікте Антальяға биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында келесі бағыттар бойынша чартерлік рейстер ұсынады:

Атырау - 24 мамырдан 30 тамызға дейін, бейсенбі және сенбі күндері;

Ақтау - 23 мамырдан 31 шілдеге дейін жұма күндері,

2 тамыздан 31 тамызға дейін сенбі күндері;

Шымкент - 28 мамырдан 31 тамызға дейін, сәрсенбі және жексенбі күндері;

Ақтөбе - 23 мамырдан 29 тамызға дейін, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері;

Орал - 23 мамырдан 5 қыркүйекке дейін, сәрсенбі және жұма күндері;

Қарағанды - 31 мамырдан 30 тамызға дейін, сенбі;

Қостанай - 22 мамырдан 13 қыркүйекке дейін, сенбі;

Қызылорда-29 мамырдан 28 тамызға дейін, бейсенбі ұшады.

Газипаша мен Антальяға чартерлік рейстерге билеттерді туроператорлардан алуға болады. Билет құнына 20 кг багаж, 5 кг қол жүгі және борттағы ыстық тамақ кіреді. Билеттер мен турлар туралы соңғы ақпаратты қалаңыздағы туристік агенттіктерден білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек