25 Сәуір 15:09
...

Шәмші әндері Алматы төрінде шырқалды

Ш.Қалдаяқов атындағы филармония
Фото: Ш.Қалдаяқов атындағы филармония

Биыл Шәмші атамыздың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Алматы қаласында «Ән аға-жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

  Алматы, NEGE. Кеш басталмас бұрын «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Шәмші әндерін түрлі аспапта ойнап, көрерменді ыстық ықыласпен қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі қолданған бұйымдарын, киімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы дәм ауыз тиді. Поно-тақтайшаларынан Шәмші әндерінің шығу тарихынан ақпарат берілді. 

Шәмші әндері
Ш.Қалдаяқов атындағы филармония

Кеште 60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.

Ән аға - Жан аға
Ш.Қалдаяқов атындағы филармония

Ал Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымына Республика сарайының залы көрерменмен толыққандығы, ерекше қошеметі асқан шабыт сыйлады.

Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады.