3 Желтоқсан 14:10
...

Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Фото:

Халықаралық муғам орталығында «Хассак» қазақ этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы жеке концерті өтті, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Музыкалық қойылым Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері аясында екі елдің Мәдениет министрліктерінің көмегімен ұйымдастырылды.

«Бұл Бакуде бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ, бірақ біз бүгін осы жерден табылғанымызға өте қуаныштымыз. Шетелдік қалалардың ішінде бізге бәрінен де Баку ұнайды, өйткені мұндағы адамдар өте мейірімді және қонақжай. Екіншіден, оның тарихы өте бай, қала жасыл және жаңа», - деп атап өтті ансамбль жетекшісі Ержан Жәменкеев құттықтау сөзінде.

Оның айтуынша, бүгін ансамбльдің ең танымал және үздік шығармалары орындалады. 

Жәменкеев ансамбль солистерінің әрқайсысы 10 және одан да көп аспапта ойнайтынын айтты. Олардың кейбіреулері қайта жаңғырып, өз бетінше қолданысқа енгізілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Әзербайжандағы мәдениет күндері 4 желтоқсанға дейін жалғасады. Бағдарламада қазақ актерлерінің орындауында М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклі де бар.

Баку тұрғындары үшін Қазақстанның бейнелеу өнерінің көрмесі есігін айқара ашты, мұнда келушілер шеберлердің туындыларымен таныса алады. Іс-шараның қорытынды кезеңі Гала-концертпен жалғасып, онда қазақ музыка өнерінің өкілдері өнер көрсетеді. 

Тегтер: