ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкерге сот үкімі шықты

Алматы гарнизонының әскери соты Серікбол Мұратханды ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне кінәлі деп тауып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Алматы, NEGE. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 451-бабының 2-бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша айып тағылды.
Серікбол Мұратхан соңғы сөзінде қару атпағанын, жазықсыз екенін қайталаған.
"Сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, оның кінәсі дәлелденді.Оған іс материалдары дәлел. Бұл әрекет ауыр деп танылып, тек бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Мен Мұратхановтың бұрын сотталмағаны, жұмысы берген мінездеме сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескердім. Серікбол Мұратханов тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деп үкімді оқыды судья Ерлан Ибраимов.