USD
USD
USD

Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 медаль жеңіп алды

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы таэквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарыстың екінші күнінде төрт медаль иеленді.

Күрес
Фото: OLYMPIC.KZ

АЛМАТЫ, NEGE. 68 келі салмақта Аружан Найманбаева алтыннан алқа тақты. Ал Ринат Елібай (51 келі), Павел Эм (59 келі) және Ақбота Желеу (46 келі) қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 келі) пен Айым Серікбаева (42 келі) Азия чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар, Тоғжан Қазнабек (59 келі) күміс медальға ие болса, Нұрперзент Самаұлы (48 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Дәулет Рахимоллиев (73 келі) және Любовь Юн (63 келі) қола жүлде еншіледі.

Айта кетсек, 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Давранбек Ризаев жеңіс тұғырына көтерілген еді. Араға 20 жыл салып, Айым Серікбаева, Бунед Бахрамкулов және Аружан Найманбаева Қазақстанның атын алтын жүлдемен қайта асқақтатып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы