USD
USD
USD

Жапония әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 87,13 жасқа жетіп, әлемдік рекордты 40-шы рет жаңартты. Ер адамдардың көрсеткіші – 81,09 жас, деп хабарлайды oxu.az.

Зейнеткерлер
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Статистика өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген: әйелдердің өмір сүру ұзақтығы небәрі 0,01%-ға өскен, ал ерлердің көрсеткіші 2023 жылғы деңгейде қалды.

Әйелдер арасындағы көшбасшылыққа қарамастан, жапон ерлерінің өмір сүру ұзақтығы әлем бойынша алтыншы орынға тұрақтап тұр. Олар Швеция, Швейцария, Норвегия сияқты елдердің ерлерінен кейін орналасқан.

Министрлік соңғы бір жылда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің азайғанын және жапондардың көбінесе табиғи себептерден көз жұматынын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға байланысты өлім-жітімнің өсуі елдегі өмір сүру ұзақтығының баяулауына әсер еткенін, ал 2023 жылдан бастап көрсеткіш тұрақтала бастағанын түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы