USD
USD
USD

Трамп $100 млн қайырымдылық қаржысының жоғалуына наразы

АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккендерге арналған қайырымдылық шарасында жиналған 100 миллион доллардың жоғалғанын мәлімдеді.

Дональд Трамп
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды.

— «100 миллион доллар жоқ болды. Бұл қаржы Лос-Анджелестегі өрт құрбандарына көмекке жұмсалуы тиіс еді. Егер дұрыс басқару болса, бұл өрттер мүлдем болмас еді. Губернатор Ньюсом Солтүстік Калифорния мен Тынық мұхитының солтүстік-батысынан миллиардтаған галлон суды босатудан бас тартты. Бұның бәрін қалай өзгертуге болар еді!» — деп жазды Трамп.

Президент FireAid атты қайырымдылық концертін меңзеді. Бұл іс-шара Лос-Анджелесте 2025 жылдың қаңтарында болған алапат орман өртінен баспанасынан айырылған адамдарға көмек жинау үшін ұйымдастырылған еді. Концерт барысында шамамен 100 млн доллар жиналып, оған Оливия Родриго, Кэти Перри және Леди Гага секілді әлемдік жұлдыздар қатысты.

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтарында Лос-Анджелес маңында болған ірі өрттер салдарынан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланып, бірнеше адам қаза тапты. Мыңнан астам ғимарат, соның ішінде америкалық танымал тұлғалардың үйлері де жанып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты