Қазақстанның банк секторының жай-күйі қалай?
қазанда 35,56 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап жиынтық активтердің өсуі 14,1%-ды құрады.
ЕДБ-те шамамен 12,16 трлн теңгені немесе активтердің 34,2%-ын құрайтын жоғары өтімді активтер қоры бар. Өтімділік қоры банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және басқа банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар сияқты өзге де міндеттемелердің үлесі тиісінше 5,1%-ды және 2%-ды құрады.
1 қазандағы жағдайға сәйкес, банк секторындағы негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 20,3%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 25%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда белгіленген ең төменгі талаптардан айтарлықтай асып түскен.
2021 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы «АТФБанк» АҚ-тың «Jusan Bank» АҚ-қа қосылуы нәтижесінде 12,1 млрд теңгеге төмендеді және 924,9 млрд теңгені құрады.
Ал, 1 қазандағы жағдайға сәйкес, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі қыркүйекте 3,1%-ға ұлғайып, 16,96 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсімі 2021 жылдың басынан бері 16% болып отыр. Айта кетейік, 2021 жылғы қыркүйекте ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 3,2%-ға 15,03 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ал, халыққа ипотекалық кредиттеу көлемі 2021 жылғы қыркүйекте 3,8%-ға ұлғайып, 2,91 трлн теңге болған. Бұл көрсеткіштің жыл басынан бері 22,6%-ды құрады.
Сондай-ақ, 1-қазандағы мәліметке сәйкес, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесі жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, 6,9%-дан төмендеген.
Депозиттер туралы ақпаратқа тоқталсақ, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы қыркүйекте 3,3% ға ұлғайып, 25,87 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап бұл көрсеткіштің өсуі 17,1%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2021 жылғы тамызбен салыстырғанда 5,8%-ға 13,49 трлн теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға 12,37 трлн теңгеге дейін ұлғайды.