USD
USD
USD

Мектептерде ЖИ-ді қолдану ержесі енгізіле бастады

Қазақстанның кейбір мектептерінде жасанды интеллектті жауапкершілікпен қолдану принциптері пилоттық режимде енгізіле бастады.

оқушылар
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. ЖИ элементтері оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен бастауыш және негізгі орта білімнің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына енгізілген.

Онда педагогтарға келесі негізгі құжаттар ұсынылады:

  • Ақпараттық жүйелерді, соның ішінде ЖИ жүйелерін қолданудың этикалық стандарттары;
  • Оқу процесінде ЖИ енгізуге арналған әдістемелік ұсынымдар;
  • Орта білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету ережелері.

Осы құжаттарға сүйене отырып, мектептер оқу процесінде ЖИ құралдарын қолдану тәртібін және академиялық адалдықты бұзудың алдын алу механизмдерін реттейтін жергілікті ережелерді әзірлейді.

«Бұл принциптер «Келешек мектептері» мен Астана қаласындағы білім беру ұйымдарында сынақтан өткізіледі, онда технологияларды қауіпсіз және педагогикалық тиімді қолдану модельдері қалыптастырылады», — деп хабарлады министрлік Kazinform агенттігіне.

Сонымен қатар, пилоттық ұйымдарда ЖИ-ды дұрыс қолдану, жеке деректерді қорғау және оқу тапсырмаларын адал орындау мәселелерін қарастыратын этикалық кеңестер құрылды.

Алдағы уақытта пилоттық мектептердің тәжірибесі барлық өңірде қолданылмақ. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар