USD
USD
USD

Өрт болған балалар үйінің ғимараты үш ай ішінде жөнделеді

Өрт болған «Перзент» балалар үйінің ғимаратын жөндеу үш ай ішінде аяқталады. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады. 

Алматы
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, өрт кезінде уақытша санаторийге орналастырылған балаларды «Перзент» балалар үйіне қатысты қордың басқа ғимаратына көшіреді.

«Қазір тек 29 бала ғана қалған, өйткені алтауын ата-аналары алды. Бірнеше күн ішінде оларды балалар үйіне қатысты қайырымдылық қордың басқа ғимаратына көшіретін болады. Ол ғимарат мектепке жақын болатындай етіп дайындалуда. Өрт болған ғимараттағы жөндеуді үш ай ішінде аяқтау жоспарлануда», – деп жазды Закиева өз Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 9 қараша күні кешке «Перзент» балалар үйінің ғимаратынан өрт шықты. Өрт кезінде 35 бала мен қызметкерлер болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Балалар уақытша сауықтыру санаторийіне көшірілген. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай