Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев бас прокурорға сарбаздар ісін 12 күнде тексеруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, тергеу барысына құқықтық баға беруді тапсырды.

Касым-Жомарт Токаев
Фото: Akorda.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында хабарлады.

10 қарашада Астанадағы Министрліктер үйі маңында қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың ата-аналары жиналып, тергеудің әділ және ашық жүргізілуін талап етті.

«Әскери қылмыстарды жасыру тоқтатылсын. Казармада, асханада және оқу залдарында бейнебақылау камералары орнатылсын. Кінәлілер заң алдында жауап берсін. Күмән тудырған істер бойынша сараптамалар, бейнематериалдар мен медициналық қорытындылар қайта қаралсын. Тергеу қоғамдық бақылау және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілсін», – деді жиналғандар.

Сонымен қатар, ата-аналар сарбаздардың өліміне қатысты тәуелсіз қоғамдық комиссия құруды ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш