Қазақстандағы сот жүйесінде қандай өзгерістер болып жатыр?

Халық сеніміне ие болу мен әділ сот төрелігін жүргізу жолындағы істер Жоғарғы соттың күн тәртібіндегі өзекті мәселе.
«Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметтен үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу», – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүйенің алдындағы негізгі міндеттерді атап көрсеткен болатын.
2021 жылы 12 ақпанда өткен сот жүйесін жаңғырту жөніндегі кеңес бірқатар мәселенің басын ашып берді. Осы күнге дейін болып жатқан келеңсіздіктердің жолы кесілді.
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін басталған саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құру процесі негізінде елімізде ұлттық құқықтық жүйе қалыптасты. Сот жүйесінің реформасы жаңа жолға қойылып, жүргізілді. Егеменді елдің сот саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, мемлекеттік биліктің дербес тармағының іргетасы қаланды.
Сот жүйесінің қызметін, сот жүйесіндегі реформалардың мазмұнын, адамның сот арқылы қорғалу құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін ауқымды істер мен үлкен өзгерістер жүргізіліп жатыр. Кәсіби заңгер маманы Ибраев Нұрболат Қасымбекұлы Nege.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында сот жүйесіндегі кейбір өзгерістердің мән-жайын түсіндіріп берді.
Нұрболат Қасымбекұлының айтуынша, жыл сайын Заңдағы азаматтық кодекске өзгертулер енгізіліп жатады. Заңгер оның ерекше орындағы бірегейлерін атап өтті.
– Бізде Қазақстан Республикасының азаматтық-процессуалдық кодексінің 58-бабына толықтырулар енгізілді. Бұрындары бізде сотта өкіл болу үшін жоғары білімді растайтын диплом болса жеткілікті еді. Қазір ол жеткіліксіз. Сотта өкіл болып, құқығын қорғау үшін Заң кеңесшілік палатасының мүшесі болып тіркелуі міндетті. Содан кейін 2019 жылдан бастап Заң кеңесінің палатасы іске қосылды. Әр облыстан, әр ауданнан Заң кеңесшілерінің палатасы ашылды. Әр өкілдер сол палатаның мүшесі болып тіркелді. Яғни осындай толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар Азаматтық кодекстің 740-бабын да атап өтейін. Бұрындары жеке сот орындаушылары қарыз, берешек бойынша бір жолғы зейнетақы төлемдерін бұғаттайтын еді. Қазір 2021 жылдан бастап зейнетақы төлемдері бұғатталмайтын болды. Жеке сот орындаушысының ол есеп шотты бұғаттауға құқығы жоқ. Есеп шотты үй алу, емделу мақсатында ғана пайдалана алады, – Бізде Қазақстан Республикасының азаматтық-процессуалдық кодексінің 58-бабына толықтырулар енгізілді. Бұрындары бізде сотта өкіл болу үшін жоғары білімді растайтын диплом болса жеткілікті еді. Қазір ол жеткіліксіз. Сотта өкіл болып, құқығын қорғау үшін Заң кеңесшілік палатасының мүшесі болып тіркелуі міндетті. Содан кейін 2019 жылдан бастап Заң кеңесінің палатасы іске қосылды. Әр облыстан, әр ауданнан Заң кеңесшілерінің палатасы ашылды. Әр өкілдер сол палатаның мүшесі болып тіркелді. Яғни осындай толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар Азаматтық кодекстің 740-бабын да атап өтейін. Бұрындары жеке сот орындаушылары қарыз, берешек бойынша бір жолғы зейнетақы төлемдерін бұғаттайтын еді. Қазір 2021 жылдан бастап зейнетақы төлемдері бұғатталмайтын болды. Жеке сот орындаушысының ол есеп шотты бұғаттауға құқығы жоқ. Есеп шотты үй алу, емделу мақсатында ғана пайдалана алады, – дейді заңгер.
Заңгер маман даусыз мәселелерге қатысты сот үкіміне байланысты да түсінік беріп өтті.
– Бізде бұрын 200 айлық есептік көрсеткішке дейін оңайлатылған тәртіппен іс қаралатын болған. Оңайлату дегеніміз бір айдың ішінде соттың шешімін шығару. Яғни, даусыз мәселелерде бір айдың ішінде соттың шешімін шығаратын. Ал қазіргі уақытта оның сомасы мың айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Мың айлық есептік көрсеткіш дегеніміз, бір айлық есептік көрсеткішіміз 2917 теңге болса, ал мың айлық есептік көрсеткіш бұл 2 миллион 9 жүз 17 мың теңге. Яғни, 2 917 000 теңгеге дейін оңайлатылған істерді қарай береді. Ал оңайлатылған іс бір айдың ішінде қаралады. Ал, жалпы істер екі жарым айдың ішінде қаралады. Оның дайындық мерзімі бар. Ол тағы жиырма күнге созылады. Сонда, жалпы көлемі үш айдан аса уақыт өтеді. Осындай толықтырулар енгізілген болатын. Сонымен қатар нотариустарға да ерекше құзырет берілді. Даусыз мәселелерге байланысты атқару қағазын шығаруға нотариустар құзыретті. Соттың жұмысын жеңілдету мақсатында осындай ерекшеліктер берілген болатын, – дейді Нұрболат Қасымбекұлы.
Құқықтық мемлекетте, демократилық мемлекетте сот арқылы қорғалу – дұрыс қорғалудың бірден-бір жолы. Жалпы, қазіргі қоғамда өз құқықтарын толық білмейтін азаматтар жеткілікті. Әсіресе, ауыл-аймақта тұратын халықтың көпшілігі өз құқықтарын жеткілікті межеде білмейді. Осы орайда Заң маманы бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде азаматтарды толық ақпараттандыру керек деген ұсынысты айтты.
– Маған да көптеген адамдар хабарласып, сұрап жатады. Олардың көбі сот процессі бітіп, сот күшіне енгеннен кейін ғана маған жүгінеді. Кейде сот шешімін қарап отырып оның мүмкіндіктерді пайдаланбағанын байқаймын. Ол сол сәтте заңды толық білмесе де жақсы білетін заңгердің көмегіне жүгінуі керек еді. Не болмаса, заңды жақсы білетін маманнан кеңес алғаны жөн еді. Бірақ ондай мүмкіндіктерді пайдаланбай өздері ғана қатысып жатады. Өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбағаннан кейін қандай да бір зиянға ұшырайды. Өз құқықтары шектеліп қалады. Мұндай жағдайлар өте көп. Мысалға келтіретін болсам, маған "Альянс" банктен несие алғанына 10 жыл болып кеткен адам хабарласты. Ол осыдан он жыл бұрын алған қарызын әлі де төлеп жатыр. Бұл жерде банктің өкілеттілігі бойынша заң бар. Ол өкілеттілікте ескіру мерзімі 5 жыл келісім-шарт біткеннен кейін, мысалы 2010 жылы несие алынса, 2015 жылы ол бітетін болса, 2020 жылы қайта беруі керек. 2021 жылы оның ескіру мерзімі қолданылады. Бірақ халық арасында осыны білмейтін адамдар өте көп. Қазірдің өзінде он бес жыл бұрынғы несиелерін төлеп жатқандардың қарасы қалың. Осының аяғында айналып келгенде өзі материалдық тұрғыдан зиян шегеді, не болмаса алданып қалады. Сондықтан әр азамат заңды білмесе, заңды білетін маманға жолығуы керек. Сонымен бірге халықты кеңінен ақпараттандыру керек. Ақпарат құралдарының бетінде Заңды көп насихаттағанымыз жөн. Тіпті, мектеп табалдырығынан бастап әр адамның құқықтары қандай екенін түсіндірген дұрыс. Осындай ақпараттардың саны артса, халықтың сауаты ашыла бастайды. Сол кезде ғана әр азамат өз құқығын толық білетін болады және ешкімге алданбайды.
Коллекторлық компанияның өкілдерінен қорқыту сөздер естідім, мені қорқытты, үйімді алып қоямын деді деп хабарласатын адамдар да жеткілікті. Менің үнемі айтатыным, ондай факті болса, міндетті түрде соның барлығын жазып алу керек. Сол ақпараттардың барлығын жинап, бізде қаржы нарығын реттейтін комитет бар. Сол жерге жазбаша арызданса, оларды тиісті жауапкершілікке тартуға болады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына да жазуға болады. Біз ол ақпараттарды міндетті түрде бейнетаспаға түсіріуіміз керек. Оның хабарласқан дауысы, қандай нөмірмен байланысты, осы сынды мәліметтерін толық таспалап алғанымыз дұрыс. Мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартуға болады. Азаматтық іс бойынша қарызыңыз болса, сізді сол үшін ешкім соттай алмайды. Бұндай жағдайға сену де сауатсыздықтың белгісі. Коллекторлар да соны біліп алған. Олардың соны пайдаланатыны белгілі, – дейді заңгер Нұрболат Қасымбекұлы.
Жалпы алғанда, жаңа сот жүйесі соттардың нақты белгіленген көрсеткіштер бойынша жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген керемет қанатты сөзі бар. Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек дегенді білдіреді. Қазақстанда Заң саласы қаншалықты дамып келеді? Азаматтар өз құқықтарын толық қорғай ала ма? Мемлекет осы сынды мәселелерді күн тәртібіне қойып, жіті бақылауда ұстауды қолға алған.
Қазіргі кезде сот жүйесіне сенімділікті арттыру, іс жүргізудің оңтайландыру, оның қолжетімділігін, жеделдігін арттыру және сот жүйесінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында соттардың іс жүргізуінде инновациялық ақпараттар технологиялар кеңінен қолданылуда. Сот жүйесінің ғаламтор-ресурстарының модернизациялау арқылы сот процессіне қатысушыларға электрондық пошта арқылы және SMS-хабарламалар жолдау, "Сот құжаттарымен танысу", "Сот кабинеті", "Сотқа шақыру қағазы" сервистері енгізілді және сот органдарының арнайы байланыс орталықтары (Call-центр) ашылды. Барлық жергілікті соттар "Мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды іс құжат айналымы" жүйесіне қосылды.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы өз Конституциясының 25 жылдығын атап өтті. Ата заңымызда мемлекет өміріне қатысты барлық маңызды оқиғалар мен бабаларымыздан келе жатқан қағиаттардың негізгі үлгілері көрсетілген. Сол себепті заңдағы өзгерістер де заманның ағымына қарай өзгеріп отырады. Заңдағы өзгерістердің барлығы Қазақстан Республикасының әрбір азаматының құқығын қорғауды мақсат тұтады. Еліміздің әрбір азаматы заңмен қорғалған. Азаматтардың бостандығы мен құқықтарын ешкім де бұза алмайды.
Тәртіпке бағынған құл болмайды. Сол себепті Заңда жазылған әрбір тәртіпті орындау да азаматтардың айнымас борышы. Соттың мәртебесі, оның беделі мен тәуелсіздігі мемлекеттегі заң үстемдігінің, сонымен қатар, жеке азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты көрсеткіші болып саналады.