USD
USD
USD

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

Астаналықтар алдағы демалыс күндері, яғни 16-17 мамырда алғаш рет қала ішінде LRT арқылы қатынай алады. Бұл жөнінде журналистерге City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.

ЛРТ
Фото: ТОО «City Transportation Systems

Астана, NEGE. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

LRT бағыты әуежайдан басталып, елорданың негізгі көшелері мен аудандарын қамтиды. Желінің жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым.

Пойыздар таңғы сағат 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен 15 пойыз жүреді (оның төртеуі резервте болады). Төрт секциядан тұратын құрамның сыйымдылығы – 600 адам. 

Ал жол жүру құны 200 теңге деп белгіленді. Жолақысын бірнеше тәсілдер арқылы төлеуге болады. 

  • FacePay – жолақыны HalykBank қосымшасы арқылы бет-әлпет биометриясы көмегімен төлеуге мүмкіндік береді;
  • LRT көлік картасымен төлеу – картаның құны 1000 теңге деп белгіленген;
  • Visa/Mastercard банк карталары және NFC – төлемді смартфон немесе смарт-сағат (Apple Pay, Samsung Pay) арқылы жүргізуге мүмкіндік береді;
  • QR-код арқылы – HalykBank немесе KaspiBank қосымшалары арқылы төлеу;
  • Бір реттік билет – LRT кассасынан немесе TVM автоматынан сатып алуға болады;

Астанадағы 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына кіретін, қалада тіркелген және тұрақты тұратын азаматтар тегін жол жүру құқығына ие.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталғанын хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент