Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, алаяқтар қызметті «әр екі жыл сайын растау қажет» деген желеумен e-Salyq немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап ететін болған.

алаяқтық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып саналады, деп хабарлайды МКК өкілдері.

«Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұнда қоңырау шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді», – делінген хабарламада.

Соңғы уақытта өзін МКК-нің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалар көбейген.

Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.

Осыған байланысты комитет өкілдері халықты сақ болуға және ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен тексеруге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық