Қазақстандағы қаржылық сауаттылық. Балалар мен жастарды пирамидалық онлайн ойындардан сақтау жолдары қандай?
Алаяқтардың, пирамида құрушылардың, онлайн қаржы ойындарының көбейіп кетуі Қазақстан билігін алаңдатып отыр. Қазір Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі, сонымен бірге прокуратура мен құқық қорғау органдары қаржылық алаяқтыққа, оның ішінде онлайн қаржылық ойындарға қарсы күресті күшейте бастады.
Пирамида жасаушылар өз схемаларына мүмкіндігінше көп адамды тарту үшін ойын-сауық форматын қолдана бастады. Олар экономикалық немесе инвестициялық онлайн-ойындарды ойлап тапты, онда ойыншылар жоғары кіріс тауып, содан кейін өз қаражаттарын ала алады-мыс. Бұл жағдайда пайдаланушылардың жасы маңызды емес, деп жазады, ҚНРДА-ның Fingramota.kz жобасы.
Алаяқтық ойындар қалай жұмыс істейді?
Бұл виртуалды тауарларды: құстар, жануарлар, жылжымайтын мүлік немесе басқа активті нақты ақшаға немесе криптовалютаға сатып алуға, инвестициялауға және пайда табуға болатын онлайн-ойындар. Мұндай ойындарды жасаушылар бонустар немесе басқа сыйақы бере отырып, пайдаланушыларды жаңа қатысушыларды әкелуге шақырады.
-
Тақырыпқа орай: Ақтөбеде 10 мыңнан астам адамды алдаған пирамида иелері сотталды
Мұндай ойынның танымал мысалдарының бірі – «Көңілді балықшылар». Онлайн-ойын сайтында бұл жоба «Кем дегенде сіздің қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін жасалған» деп жазылған. Ол үшін ойынға қатысушылар балықшыларды сатып алуы керек – ойында олардың тоғызы бар. Олардың жарамдылық мерзімі әртүрлі – 20-дан 100 күнге дейін және олар әр түрлі кірістілік әкеледі. Балықшылар күн сайын сатылуға тиіс «балықты» аулайды. Пайдаланушылар жалқау болмауы керек, «пайда» күйіп кетпес үшін ойынға күн сайын кіру керек. Содан кейін, белгілі бір мөлшерде виртуалды ақша жиналған кезде, оларды нақты ақшаға айналдырып, шығарып алуға болады. Әрине, шын мәнінде бұл олай емес.
Ұқсас қағидат бойынша жұмыс істейтін онлайн-жобалардың тағы бірі – «Қараңғы ойын», оны жасаушылар күніне 70%-ға дейін, ал жаңа ойыншыны тартқаны үшін – виртуалды депозитке 20% пайда табуға уәде береді, танымал «Ферма» ойыны негізінде құрылған «Ақша фермасы» және басқалары да осыған ұқсайды.
«Ақша табуды» бастау үшін ойыншылар сайтта өз деректерін қалдырып, онлайн-ойынға тіркеліп, пайдаланушының келісімін қабылдауы керек, осылайша ресурсқа жеке деректерді өңдеуге келісім беруі керек. Кейбір компаниялар пайдаланушының келісімінде, кейде ұсақ қаріптермен қайтаруға мүлдем кепілдік жоқ екенін көрсетеді. Мысалы, «Бай құстар» ойынының сипаттамасында «Ұйымдастырушы сізге ойын ішінара қаржы пирамидасының қағидаттарына негізделгенін ескертеді және кез келген уақытта сіз барлық қаражатыңызды жоғалтуыңыз мүмкін, бұл ретте сайт ұйымдастырушысына ешқандай шағым болмайды!» деп жазылған.
-
Тақырыпқа орай: Пәлелі пирамидалар. Жұрт НЕГЕ алаяқтарға алдана береді?
Көптеген адамдар бұл ойындарға айтарлықтай мән беріп, олардың айналасында дүрбелең тудырады. Олар егер ойында виртуалды кіріс алсам, нақты шотқа да қаражат түседі деп сенеді. Нәтижесінде ойын ішіндегі «инвестициялық өнімге» сұраныс арта түседі, бірақ одан тыс жерде ойынға қатысушылар ақшаға немесе криптовалютаға сатып алатын бұл «өнімнің», әдетте, ешқандай құндылығы болмайды.
Ақшаның да, жаңа пайдаланушылардың да ағыны тоқтаған кезде, ойын жабылады, салынған қаражатты алу мүмкін емес. Сөйтіп, ойыншы инвесторлар сан соғып қалады. Өкінішке орай, мұндай алаяқтық схемаларға оқушылар мен студенттер жиі түсіп қалады, олар өздерінің сенгіштігі мен құмарпаздығының салдарынан қаржы пирамидаларына қарсы тұра алмайды.
Ойыншылар нені білуі керек?
Априори сізге ойнауға ғана емес, сонымен қатар басқа мүшелерді тарту арқылы ақша табуға кеңес беретін экономикалық ойын – бұл таза алаяқтық. Құқықтық реттеудің жоқтығынан оңай және тез пайда табуға қызықтыратын мұндай ұсыныстар – ақшаны жоғалтудың тікелей жолы.
Онлайн-ойындар қаржылық пирамида болып табылады, өйткені ойыншы аккаунт құру үшін, «тауар» сатып алу үшін, тапқан қаражатты алу үшін оған өз ақшасын (нақты немесе цифрлық) салады.
1. Ойынға қатысушы олар арқылы ақша табу үшін басқа адамдарды шақыруы керек;
2. Әзірлеуші туралы ақпарат жоқ, сайтта байланыс телефондары мен заңды мекенжайы жоқ;
3. Сайттың дизайны нашар, бөлімдердің нақты құрылымы жоқ, есеп айырысу үшін анонимді сервистер қолданылады;
4. Ақшаны «алу» үшін, негізінен, электронды әмияндар қолданылады;
5. Мұндай пирамидалардың өмірлік циклі қысқа – бірнеше ай. Осылайша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының өздерін анықтау ықтималдығын азайтуға тырысады.
Балалар мен жастар қаржы пирамидаларының құрбандары болмасын десеңіз, оларға пирамидалардың белгілері және олардан қорғану тәсілдері жөнінде айтып, үнемі қарым-қатынаста болыңыз.
Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық пирамидалар белгілерінің тізімін бекітті, оған жосықсыз мінез-құлық практикасының 39 өлшемшарты кіреді. Бұл жұмыс Қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі шеңберінде жүргізілді. Ол Агенттік жанынан 2020 жылы құрылған және оның құрамына ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Бас прокуратураның, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері кіреді.
Егер жұмыс тобының мүшелеріне қызметінде алаяқтық әрекеттері байқалған және алаяқтық әрекеттердің белгілері анықталған компаниялар туралы ақпарат келіп түссе, онда олармен құқық қорғау органдары айналыса бастайды. Алаяқтық әрекеттері дәлелденгеннен кейін қылмыстық іс қозғалып, алаяқтардың бұдан әрі ақшаны заңсыз алу үшін адамдар тарта алмайтындай компанияның веб-сайты бұғатталады.
Қаржы пирамидаларын анықтау бойынша алдын алу шаралары шеңберінде мемлекеттік органдар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 мыңнан астам сайтты бұғаттап, 44 қылмыстық іс қозғалды.
Классикалық қаржы пирамидаларының негізгі белгілері:
1. Бағалы қағаздар нарығы, банк қызметі, оның ішінде депозиттер тарту, кредиттер беру, аударымдар мен төлемдерді және т.б. жүзеге асыру, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның/есептік тіркеудің болмауы;
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-сайттарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде, жоғары кірістілік пен пассивті кіріс алуға уәде беретін жаппай жарнама;
3. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін сыйақы беру туралы уәде;
4. Компания міндетті түрде бастапқы капитал салумен бірлескен кәсіпорынның/ компанияның мүшесі болуды ұсынады.
5. Ақшаны енгізу қолма-қол ақшамен, жеке тұлғаның карточкалық шотына немесе электрондық әмиянға жүзеге асырылады;
6. Компания мен компания басшысының қызметі туралы нақты анықтама жоқ. Анонимдік - компанияның немесе жобаның құрылтайшылары мен басшылары туралы нақты ақпараттың болмауы, қаржылық есептіліктің болмауы.
7. Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы.
8. Атауларында, символикаларында, жарнамаларда белгілі компанияларға, брендтерге ұқсас сөздерді, сөз тіркестерін және тіпті танымал және әйгілі адамдардың суреттерін қолдану;
9. Түрлі бағдарламаларға халықтан, соның ішінде автомобильдер, пәтерлер, жер учаскелерін сатып алуға ақша қаражатын тарту.
10. Компанияны оффшорларда тіркеу
Осы белгілердің кейбірінде экономикалық онлайн ойындар бар, олар оңай ақша табуды және электрондық әмияндарға оңай ақша табуды ұсынады.
Онлайн инвестициялық ойындар түріндегі қаржылық пирамидалардың жаңа түрі Қазақстанда аса кең таралмағанын айта кету керек. Ресейдің Орталық банкі 2021 жылғы күзден бастап қауіпті экономикаларды белсенді түрде анықтай бастады және өз тізіміне қаржы нарығында заңсыз қызмет белгілері бар компанияларды енгізеді. Қазақстанда сондай-ақ жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың осыған ұқсас тізімі жүргізіледі, оны азаматтардың өтініштері негізінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жаңартып отырады. Қазіргі уақытта тізімге қызметі қаржылық лицензиялау мен реттеу өлшемінен тыс орналасқан және қаржы реттеуішінің интернет-ресурсында және Fingramota.kz оқыту сайтында жарияланған 154 субъект кіреді.
Алаяқтарға өз ақшаларыңызды сеніп тапсырмаңыз, сонымен қатар олардың күмәнді жобаларын жарнамаламаңыз, себебі бұл үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Қаржылық пирамиданы құрғаны және оны жарнамалағаны үшін қандай жаза көзделген ?
Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғаны және оны басқарғаны үшін ғана емес, оны жарнамалағаны үшін де жауапкершілік күшейтілді. 2022 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы орайда Қылмыстық кодекске жаңа 217-1 бабы енгізілді