USD
USD
USD

«Құлап бара жатқан Назарбаев» Мәскеуге сатылды

Суретші Ербосын Мелдібековтың «Құлап бара жатқан Назарбаев» атты мүсіндік композициясын Мәскеудегі Garage жеке заманауи өнер мұражайы сатып алды. Бұл туралы National Business жазған.

Мелдібеков
Фото: Әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың қоладан жасалған ескерткішінен тұратын инсталляция алғаш және жалғыз рет 2024 жылғы ақпанда Мелдібековтың «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында» атты жеке көрмесінде көпшілікке ұсынылған.

Аталған көрменің ұйымдастырушысы – Қайрат Боранбаев негізін қалаған «Целинный» заманауи мәдениет орталығы болды, ал қолдау көрсеткен Серік Толықпаевқа тиесілі Aitas Foundation корпоративтік қоры еді. Сол кезде аталған композиция үлкен резонанс тудырған. 

Бұл жұмыс Талдықорғанда орнатылған Назарбаев мүсінінің дәл көшірмелерінен тұрады. Ол кезде Назарбаев әлі елбасы мәртебесінде болған, ал кейін 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде наразылар оның ескерткішін құлатқан еді. 

«Құлап бара жатқан Назарбаев» туындысын Garage музейі ондаған мың долларға сатып алған. Алайда, суретші туындының нақты қанша сомаға сатылғанын жарияламады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.