Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар қабылданады

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты азаматтардан шағымдар қабылдайтын жедел желі ашқанын мәлімдеді. 

Газ
Фото: Энергетика министрлігі

Астана, NEGE. 1 қарашадан бастап Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеуде.

Министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қоятынын айтты. 

Министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді. Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ.

Сондай-ақ, сұйытылған мұнай газы бойынша: өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді. Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты.

Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе АЖҚС-та отынның болмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, жедел желі телефонына +77018550248 хабарласуыңызды сұраймыз, делінген министрлік ақпаратында. 

Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда тәртіп бұзған нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданатыны айтылған. 

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат