Түркістан облысындағы тауда жоғалған жетінші туристің денесі табылды
Түркістан облысының тауларынан тағы бір дене табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «22 маусым сағат 11.50 кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан», – деді Талғат Уәли.
Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм 1994 жылы туған. Дене сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.
Оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілді.
Айта кетейік, іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.