USD
USD
USD

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Іздеуде жүрген «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті, Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласы Азамат Қапенов бір кезеңде Қазақстан және Қырғызстан азаматтығын қатар иеленгенін ашып айтты.

Азамат Капенов
Фото: instagram.com/akapenov

Астана, NEGE. Азамат Қапенов әлеуметтік желіде өзіне қатысты деректерді жариялап, азаматтығы жөнінде түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол 2001 жылы Қазақстан азаматтығын алған, ал 2015 жылы Ресейге көшкеннен кейін бұл төлқұжатынан айырылған.

«ҚТЖ жүйесінде шетел азаматы бола тұра қалай жұмыс істегенім жайлы сұрақтар келіп түсуде. Осыны түсіндіргім келеді. Қазақстан азаматтығын 2001 жылы алдым. 2003 жылдан 2015 жылға дейін ҚТЖ жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істедім. 2015 жылы Ресей Федерациясына тұрақты тұруға көшуіме байланысты азаматтығымнан айырылдым. Кейін Қазақстан азаматтығынан шыққанымды растайтын елшіліктен берілген құжатты да тіркеп қоямын», – деді ол.

Қапенов Қазақстан құжатымен жүрген уақытта өзінде Қырғызстан азаматтығы да болғанын жасырмады. Қос азаматтыққа заңмен тыйым салынғаны туралы сұраққа ол былай жауап берді:

«Қос азаматтыққа қатысты мәселе кейін күшейтіліп, цифрландырылды. Бұрын оның заңға қайшы екенін білмедім».

Еске сала кетейік, Қазақстанда Қапенов қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу материалдарына сәйкес, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде үлестес компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Қапеновке халықаралық іздеу жарияланды. Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, ол Біріккен Араб Әмірліктерінен Бішкекке қоныс аударған.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.