USD
USD
USD

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан компьютерлік клубтардың бірінде жаппай төбелес болып, екі жасөспірім жүрек тұсынан алған пышақ жарақатынана көз жұмды. KTK арнасының ақпарынша, қаза тапқандар 13-17 жаста.

жаппай тобелес
Фото: ЖИ комегімен жасалған/nege.kz

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға түнде болған. Компьютер клубында басталған жанжал сыртқа шығып, екі топтың түсініспеушілігі жаппай төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан екі жасөспірім жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, көз жұмды.

Қаза тапқан 17 жасар бозбаланың анасы Әйгерім Тәуекелованың айтуынша, ұлы 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, қосымша жұмыс істеп жүрген. Оқиға болған күні ол 13 жастағы інісімен компьютер клубына кетіп, екеуі де қайта оралмаған.

«Екеуі бірге кеткен, компьютер клубына, ортаншы ұлым да жүрген. Хабарласа алмаған. Төбелестен шошығаннан қашып кеткен. Болды, одан кейін хабар келген жоқ. Ол да хабарласпады, телефон да жоқ. Шошыған, сонымен ол іздеген. Таңертең сағат 9-дан аса хабар келді, қызым хабарласты. «Мама, папа хабарласып тұр, Қалқаманның ауруханасына тез барыңызшы, Ешка сол жақта, пышақтап тастапты», – деді анасы.

Полиция аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Дене жарақатын салған күдіктілер анықталып, қамауға алынған. Олардың барлығы колледж студенттері болғанымен, көбі кәмелет жасына толмаған. Сондай-ақ оқиғаға қатысқан өзге тұлғалардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі.

Қазіргі таңда төбелестің себебі анықталып жатыр. Жігіттер қызға таласқан деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті