USD
USD
USD

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Financial Times басылымның ақпарынша, Эрик Трамп пен кіші Дональд Трамп Қазақстандағы вольфрам өндірумен айналысатын компанияның үлесін сатып алған.

Трамп ұлдары
Фото: coindesk.com

Астана, NEGE. Басылым ақпаратына жүгінсек, олар 2025 жылдың тамыз айында Skyline Builders құрылыс компаниясының үлесін сатып алған. Кейін бұл компания бірнеше келісім арқылы вольфрам жобасын жүзеге асырып жатқан құрылымдармен бірігіп, ірі тау-кен бастамасының бір бөлігіне айналған.

Аталған жоба бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік даму институттарынан 1,6 млрд долларға дейін қаржылай қолдау алды. Бұл қаржы маңызды минералдар жеткізілімін күшейтуге бағытталған.

Мәміленің нақты құны жария етілмеді. Ал, Ақ үй тарапынан бұған қатысты ресми түсініктеме берілмеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қарашасында өткен «Орталық Азия – АҚШ» саммиті аясында Қазақстан мен АҚШ арасында 17 млрд доллардан астам сомаға коммерциялық келісімдер жасалған.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев