USD
USD
USD

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 5 қазанда облыстың солтүстігінде, тәулік бойы 6 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. А

қтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов