USD
USD
USD

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

«Жас Алаш» газетінде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің көлемді мақаласы жарияланды.

Ерлан Қарин
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ерлан Қариннің айтуынша, қазір қоғамды екіге бөлетін ірі саяси дау жоқ. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша белгілі бір ортақ түсінік қалыптасқан. Ол Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сауалнамасына сүйеніп, азаматтардың 84 пайызы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейтінін атап өтті.

Соған қарамастан, тіл, дін, тарих және сыртқы саясатқа қатысты жекелеген оқиғалар кейде үлкен қоғамдық дау тудырады. Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, мұндай жағдайлардың көбі саяси себептен емес, қарапайым мәдениетсіздік, әдепсіздік, сауатсыздық және бір-бірін құрметтемеуден туындайды.

«Жеке бір адамдардың тәрбиесіздігіне бола, тұтас қоғам арандап қалмауы керек. Сондықтан қазіргі таңда идеологиялық жұмыс негізінен білімсіздікпен, сауатсыздықпен, әдепсіздікпен күреске бағытталуға тиіс», – деді Ерлан Қарин.

Ол қоғамды мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа, білім мен ғылымға, жауапты әрі жасампаз отаншылдыққа шақыру маңызды екенін айтты. Қариннің сөзінше, адам бойында қарапайым адами құндылықтар қалыптаспайынша, оны патриотизмге баулу мүмкін емес.

Мемлекеттік кеңесші қоғамдық әдепті қалыптастыруда ел алдында жүрген азаматтардың жауапкершілігі жоғары екенін де атап өтті. Бұл тек шенеуніктерге емес, зиялы қауым өкілдеріне, танымал тұлғаларға және қоғам алдында сөз сөйлейтін азаматтардың бәріне қатысты.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы