USD
USD
USD

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Биыл жиынға Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команда қатысуда.

Өз сөзінде Президент патриот болу деген «мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу» екенін айтып өтті. 

Оның пікірінше, әскер қатарындағы қызмет шынайы патриоттарды тәрбиелейтін басты мектепке айналуға тиіс. Дәл осы себепті Мемлекет басшысы әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» қағидатына сай жаңғырту жөніндегі бастамаға қолдау білдіргенін атап өтті. 

«Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады. Мұндай есте қаларлық рәсімдер аталған іс-шаралардың мән-маңызын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Сонымен қатар жастар арасында және жалпы қоғамда әскердің беделін айтарлықтай көтереді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек деп есептейтінін жеткізді.

«Сарбаз болу – зор мәртебе. Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта», – деді Президент. 

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев қатарында 280 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студенттің басын біріктірген «Жас сарбаз» қозғалысының айрықша рөліне назар аударып, «Айбын» халықаралық жарысының мән-маңызына тоқталып өтті.

«Әскери-патриоттық бірлестіктерде тәрбие алған азаматтардың көбі болашақ өмірін әскери қызметпен, құқық қорғау органдарымен және ұлттық қауіпсіздік жүйесімен байланыстырады. Мен Мемлекет басшысы ретінде жастарымыздың осындай ұмтылысын толық қолдаймын.

«Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру. Жастар мұнда әділ бәсекеге түсіп, темірдей тәртіптің не екенін біледі. Қысылтаяңда бір-біріне қол ұшын созуға және командада жұмыс істеуге үйренеді. Жарыстар тек физикалық төзімділік пен күшті ғана сынап қоймайды, ақыл-ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шығармашылық қабілетті де шыңдайды», – деді ол.

Оның сөзінше, мұндай жиындар халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, өзара тілеулeстікті күшейтеді, бқдан бөлек, халықтар арасындағы достық, бірлік және түсіністік қағидаттарының беки түсуіне ықпал етеді.

 

Қазір оқып жатыр

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол