Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Абай облысында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары «жүргізуші куәлігін алуға  көмектескен» деген күдікпен тергеуге алынды.

Жүргізуші куәлігі
Фото: kolesa.kz

Астана, NEGE. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, олар «заңсыз ақшалай сыйақыға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәліктерін алуға көмектескен» деп айыпталуда. 

«Абай облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәліктерін алуға заңсыз ақшалай сыйақы үшін жәрдем көрсетті деген күдікке ілінген Мамандырылған ХҚКО лауазымды тұлғаларының заңсыз қызметінің жолы кесілді», – делінген хабарламада.

Заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар жүргізуші куәлігін алуды жоспарлап жүрген адамдарды тауып, теориялық емтихан тапсыру кезінде үміткерлерге нұсқаулық жүргізіп, дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. 

«Аталған техникалық құралдар заттай дәлелдемелер ретінде танылды. Жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Абай облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері Мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық смехаға қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында жетім қыз қателіктен тұрғын үй кезегіне алты жылға кеш қойылған

тұрғын үй кезегі

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.